Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы жасөспірім мерт болған Талғар қаласын Ұлттық ұлан сарбаздары күзетеді

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Талғарға ІІМ ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

сарбаз

Фото: ІІМ

13 қазанда ІІМ ұлттық ұланның баспасөз қызметі Талғар бақылауда екенін хабарлады.

"Қазір Алматы облысының Талғар қаласында ішкі істер министрлігі ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қорғау үшін патрульдік қызметті атқаруға тартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында азаматтардан жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқанОсыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдікті қамауға алынғанын хабарлады.

12 қазанда Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі сенбіге қараған түні өртеніп кеткені хабарланған еді. Ішкі істер министрінің орынбасары Талғардағы Шерзат Болаттың өртенген үйіне барды.

Талқылау