Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда полицей "әкім орынбасарының әйелімен" болған оқиғадан кейін қызметінен қуылды

Талдықорған қаласындағы жергілікті полиция қызметінің басшысы "әкім орынбасырының әйелімен" болған оқиғадан кейін қызметінен қуылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Egovpress-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде жанжалдың видеосы тараған еді. 

"Полиция қызметкері Жетісу облысы әкімінің орынбасарларының бірінің әйеліне жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін заң бойынша хаттама ресімдегісі келген. Алайда тәртіп сақшысына полковниктердің бірі "223" шақыру байланысы арқылы қоңырау шалып, кінәлі әйелді жіберуді талап еткен", - делінген бейнежазбада.

Дегенмен, полиция қызметкері "қоңырауға" бағынудан бас тартып, заң шеңберінде заңбұзушылық туралы хаттаманы ресімдеген. 

Жетісу облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Оның қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылды. Сонымен бірге жеке құрамға барлық құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік қағидатын" қатаң сақтау туралы талап жеткізілді", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау