Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасына қатысқан адамды азаптап өлтірген әуе күштерінің қызметкері сотталды

Әуе күштерінің қызметкері қаңтар оқиғаларына қатысушыны азаптап, өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талдықорған қалалық соты жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соққан азаптау фактісі бойынша, сондай-ақ қылмысты жасыру бойынша қылмыстық істі қарады. 

2022 жылдың 8 қаңтарында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ер адам әуе күштеріне жеткізілгені анықталды. Әуе күштері ғимаратында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған сотталушы Б. оған жарақат салған. Нәтижесінде жәбірленуші ауруханада көз жұмды. 

Әскери-әуе күштерінің тағы бір қызметкері С. ауыр қылмыс жасау фактісін жасырды. 

"Сотталушы Б. кінәсін мойындамады, оны ақтауды сұрады.

С. кінәсін мойындады және өкінетінін айтты. Айыпталушылардың айыпталған әрекеттерді жасаудағы кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. 

Сот үкімімен Б. ҚК-нің 146-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.-ға ҚК-нің 432-бабы бойынша 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – делінген сот хабарламасында. 

Сондай-ақ сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 15 миллион теңге сомасында моральдық зиян өндірілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау