Талдықорғанда 74 жастағы зейнеткер банк бөлімшесінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Талдықорғанда зейнеткер банк бөлімшесінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: stylishbag.ru
Талдықорған полицейлері 74 жастағы әйелдің сол жақ білегіне кесілген жарақаттар салғанын хабарлады.
"Оның себебі қарыздық құлдық. 74 жастағы әйел сол жақ білегіне кесілген жарақаттар салған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, онда қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаторлық емдеуге ұсынылды. Қалалық полиция қызметкерлері жарақаттың себебі мен барлық мән-жайды анықтап жатыр. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге оқталу" бойынша жүргізіліп, облыстық полиция департаментінің бақылауында", - делінген хабарламада.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен