Талдықорған мәйітханасында түсірілген видео жұртты шошытты (видео)
Жетісу облысының орталығында қаза тапқан адамдарды жерлеуге апара жатқан мәйітхана қызметкерлері желі қолданушыларын елең еткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнеде көрсетілгендей, мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады. Алайда, жаймамен оралған мәйіттерді ер адамдар көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған.
"Бұл не масқара? Сұмдық. Ол қайтыс болсада адам ғой, қарап тұрсаң бір картопты көлікке тиеп жатқандай көрінеді. Бұл недеген бассыздық" - дейді желі қолданушылары.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі мәйітхананың басшылығы хабарласып көрген болатын, жұмыс күні болғанына қарамастан жерлеу мекемесінің қызметкерлерімен байланысу мүмкін болмады.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген