Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған маңындағы шетелдіктермен төбелес: Қытайдың 70 азаматы Қазақстаннан шығарылды

Citic Construction кәсіпорнында заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтар тексерістен кейін елден шығарылды, деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған маңындағы шетелдіктермен төбелес: Қытайдың 70 азаматы Қазақстаннан шығарылды

Талдықорған мамандандырылған әкімшілік соты, сондай-ақ Ақсу аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 2-бөлігімен (шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көші-қоны туралы заңнаманы бұзуы) сәйкес 70 Қытай азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Ведомствоның хабарлауынша, 9 қазандағы сот шешімдерімен ҚХР-дың 70 азаматы кінәлі деп танылып, елден шығарылу түрінде әкімшілік жаза қолданылған.

Сот актілері күшіне енді, шет мемлекеттің азаматтары Қазақстаннан шығарылды.

Қытайға қарсы митингілердің артында кім тұр? Назарбаевтың экс-кеңесшісі өз болжамын айтты >>>

Қазан айының басында Талдықорған маңында жол салумен айналысатын кәсіпорында шетелдік жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындады. Citic Construction жұмысшыларының бір тобы видео хабарлама жазды. Онда ҚХР-ның үш азаматы жүргізушіні - этникалық қазақты соққыға жыққаны айтылады.

Полицияның мәліметінше, қақтығыс төрт жұмысшы - Қытай азаматтары арасында болып, төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан этникалық қазақ жарақат алды. Кінәлілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Екінші күні бір топ жергілікті тұрғындар жанжалдың мәнін білмей, кәсіпорында болған бірнеше шетелдік жұмысшыны ұрып-соқты. Салдарынан төрт Қытай азаматы жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді.

Жаппай төбелестен кейін құқық қорғау органдары тексерулер жүргізіп, заңсыз жұмыс істейтін 70 шетелдік жұмысшыны анықтады.

Талқылау