Талдықорған әкімі қанша жалақы алатынын айтып берді
Жетісу облысының әкімшілік орталығының жаңа әкімі Ернат Базил қанша жалақы алатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ернат Базил Жетісу облыстық әкімінің орынбасары ретінде бұрын 1 млн 25 мың теңге алған. Жаңа лауазымында жалақысы азырақ.
"Егер еңбек өтілі 14 жылдан асса, онда 1 млн 149 мың 420 теңге алады. Ал мен қала әкімі ретінде 919 мың 536 теңге аламын", – деді қала басшысы.
Ернат Базил 2023 жылғы 30 маусымда Талдықорғанның жаңа әкімі болды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды