Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тәкаппарлығымнан емес”: Тамара Асар қайта тұрмысқа шықпауының себебін айтты

«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан». Бұл сөзді Тамара Асар жиі естиді. Десе де, екі жарты-бір бүтін болатын азаматты әлі кездестіре алмаған. Бұл туралы әнші Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында баяндады.

"Тәкаппарлығымнан емес": Тамара Асар қайта тұрмысқа шықпауының себебін айтты

Көп жалғызбасты аналардың жаңа өмір бастауына балаларының қызғанышы кедергі болатыны анық. Бірақ, мұндай проблема әнші бикештің өмірінде кездеспеген.

«Оның бала күнгі арманы мені бүтін семьяның отанасы ретінде көргісі келеді. Қарындас пен іні сұрағанына он жылдай уақыт болды. Әлі күнге дейін маған жар таңдайды. Әлі күнге дейін «мама, мына ағаның қасында сіз керемет көрінесіз» деп пікірін білдіреді. «Сіз бақытты болу керексіз. Лайықсыз» деп менің ұлым сияқты емес, бейне бір менің ағам немесе әкем секілді биіктен қарайды», – деп Тамараға ұлы да қолдау көрсетіп жүр екен. Кейде мұндай әңгімелер жүрегіне сызат салатынын да әнші жасырмады.

«Бұл баланың балалығы кетіп қалды ма?» деп арасында ішім ауырып қояды. Біріншіден, менің толық отбасын құрғанымды шынымен қалайды. Ал, екінші жағынан психологиялық тұрғыдан алсақ, түпкі санасында өзінің бойындағы жауапкершілікті шешкісі келеді. Оны адамның өзі білмейді. Мынау түпкі подсознаниесі соны қалап тұрады. Бір өзі болса, ауыртпашылық көп түседі ғой», – деп жалғады сөзін әнші.
«Қымызды кім ішпейді, қызға кім бармайды» демекші, әншіге де ұсыныс жасаушы қазақ азаматтары аз емес екен.

«Жап-жас болмасам да, қымызды кім ішпейді, қызға кім сөз салмайды демекші, мүмкіндіктер болды ғой. Сөз салатын, ниетін білдіретін азаматтар бар, Құдайға шүкір. Бірақ, маңдайына сыямыз ба, сыймайсыз ба, бұл үлкен әңгіме», – дейді Асар.

Бұл әрекеттерін кейде құрбылары менсінбейдіге баласа да, себеп басқада екен.

«Ол менің көргенсіздігімнен немесе тәкаппарлығымнан емес. Өнер адамын өзінің азаматы немесе жан-жары қылуға ер азаматтың күші, жігері, қауқары жете ме, жетпей ме? Соған байланысты. Егер еркелігің мен еркіндігіңді мойныммен де, арқаммен де көтеремін дейтін азаматтар болса қарсы емеспін. Бірақ, сәл осы бір жерде көбі қиналып қалады», – дейді Тамара.

Сондай-ақ, әнші ер жеткен ұлы жайлы да айтып қалды. Тамара Асардың ұлы биыл мектеп бітіреді. Он бірінші сыныптың оқушысына айналған ұлының болашағана жұлдызды ана қатты алаңдайды екен.

«Қамбар 11-сыныпта оқиды. Қазір өтпелі кезең дейді. Менің ойымша өтпелі кезең өмір бойына жалғасады. Тек дененің физиологиялық қалыптасуының өтпелі кезеңі болатын шығар. Ал, адамның адам болып, тұлға болып қалыптасуында өтпелі кезең өз этаптарымен келіп отырады», – дейді Тамара.

Сондай, өмірдің сынақтарынан қателеспей, тағдырдың тосқауылдарына төтеп беру үшін батыр ана ұлының еркектік иммунитетін бала кезден қалыптастыруға тырысқан.

«Күні-түні Қамбарым өзінің таңдауын дұрыс жасаса екен деп ойлаймын. Өзінің сүйетін ісі мен сүйетін адамын шатаспай кездестірсе екен деп тілеймін. Бұл тағдырдың ең үлкен олжасы. Үнемі «саған не ұнайды? Сен не армандайсың?» деп көп сұраймын. Себебі, қазіргі жастардан байқайтыным армандары азайып қалған. Ұлымды сол қателіктен сақтағым келеді. Армандары көп болса екен, арманды мақсатқа айналдыра білсе екен деген ниетім бар. Қамбармен көп сырласамын. Ер бала ғой. Жүрегіндегісін менімен бөліседі. Менің ең үлкен кретигім, сыншым ол –Қамбар. Менің қабағымнан, сөзімнен, эмоциямнан бәрін түсініп қояды. Және маған өз ойын еш бүкпесіз айтады. Менде солай айтамын. Бағыт-бағдар беріп отырамын, бірақ таңдауды өзіне қалдырамын», – дейді Асар.

Қамбардың талғамындағы арулар анасына тым ұқсас.

«Өте әдемі қыздар ұнайды. Барлық кезде ата-ана баланың моделіне айналады. Сондықтан, менің ойымша менің таңдауыммен ұқсас болады—ау деймін. Маған ұқсайтын адам іздейтінін байқадым», – дейді әнші.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау