Пілдің баласын құтқарғысы келген алты жануар өліп қалды

Таиландта сарқырамадан бір-біріне көмектесіп өтпек болған алты піл өліп қалды. Оқиға елдің оңтүстігінде орналасқан Хао-Яй қорығында орын алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай жағдайға жануарлар пілдің баласы сарқыраманың жанындағы құзға құлап қалған соң тап болды. Оған көмектескісі келген басқа пілдер де құзға құлады. 

Бұл сарқыраманың тарихы қайғылы оқиғаларға толы. Жергілікті тұрғындар оны қара құрдым деп атайды. 

1992 жылы бұл жерде сегіз піл өлген. Қорықтар мен табиғатты қорғау министрлігінің жасаған мәлімдемесінде бір топ пілдің жолға шығып, оны бұғаттап тастағаны айтылады. Мұны қорықтың қызметкерлері сарқыраманың жанына барғанда көрген. 

Үш сағаттан кейін үш жасар піл баласының денесі сарқыраманың түбінен табылды. Жақын маңайда бес үлкен пілдің денесі жатты. Екі тірі піл таудан табылды. 

"Жабайы жануарлардың достары" атты қордың негізін қалаған Эдвин Виек топтағы өзге пілдер де өліп қалады деп ойлайды. Себебі, бұл жануарлар жыртқыштардан қорғанып, қорек табуда бір-біріне тәуелді. Сонымен қатар, пілдер бір-бірінің қазасын ауыр көтереді. 

"Ешнәрсе істей алмайсың, қатал табиғат", — деді Эдвин Виек. 

Таиландта 7 мың азиялық піл бар. Олардың басым бөлігі еркіндікте өмір сүрмейді. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанның Қызыл кітабы: қандай жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген >>>

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...