Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы жойқын селден екі қазақстандық бала қаза тапты

Қырғызстандағы сел салдарынан екі қазақстандық бала қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі

28 маусым күні Қырғызстанда Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан еді. Қаза тапқандардың арасында жергілікті тұрғындармен қоса шетелдік туристердің де бар екені анықталды. 

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысында сел кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жариялады.

Алдын ала мәліметі бойынша, қаза тапқандар арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазір екі баланың мәйіті табылды, тағы екі баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр.


"Дүкеннен тұшпара сатып алған": Солтүстік Қазақстанда бір отбасы уланып, екі бала көз жұмды


Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста екені хабарланды. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі қайтыс болған балалардың туыстарына көмек көрсетуде.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда алапат сел жүріп, бес адам қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Талқылау