БАҚ: Олигарх Қайрат Боранбаевтың інісі пара берді деп күдікке ілінді
Олигарх Қайрат Боранбаев сегіз айдан астам уақыт бойы тергеу изоляторында болды. Ол 25 миллиард теңге жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап.

Қыркүйек айының соңында футбол клубының иесі 56 жасқа толды, сол күні Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі оны тергеу амалдарын жүргізу үшін алып кетті.
Кешке Боранбаев камераға қайтарылды, бірақ изолятор қызметкерлеріне ол, сау емес сияқты көрінді. Медициналық куәландыру арқылы қамауға алынған адамның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды.
Тергеу нәтижесінде қаржы мониторингі қызметкерлері Сергей Шульмин мен Қазбек Дәуреннің шоттарына ақша жіберілгені белгілі болды. Оны Қайрат Боранбаевтың інісі Әбілхан Боранбаев жіберген.
Үшеуі де қамауға алынды, қызметкерлер пара алды деп күдіктелуде.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі