Табыстарын жасырып, жәрдемақы алған көп балалы аналарға қатысты сот үкімі шықты
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табыстарын жасырып, жәрдемақы алды деп айыптаған бірнеше көп балалы аналарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Сотқа шақырылғандар - әскери қызметкерлердің жұбайлары. Өткен жылдың соңынан бері бірнеше рет сот отырысы өткен.
Көпбалалы аналар жәрдемақы тағайындалатын кезде, баспана жалдап тұруларына мемлекет тарапынан берілетін қаржатты бастапқыда табыс деп есептемегенін дәлелдеп шықты.
"Жәрдемақыны қайтару бойынша талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Себебі, әскери қызметкерлердің баспана жалдап тұруна берілетін мемлекет төлейтін қаражат кіріс болып санлмайды", - дейді Өскмен қаласының №2 сотының судьясы Азат Дәменов.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр