Түрмеден босап шыққан Юрий Пакты оқушылары салтанатпен күтіп алды
17 маусым күні Қарағандыда ОӘД-ге жарылғыш қойылды деп жалған хабар бергені үшін сотталған Юрий Пак бостандыққа шықты.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Юрий Пак ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша 2 жылға сотталған болатын. Артынша түрмеден айыппұл төлеп құтылмақ болған-ды. Абай аудандық сотының судьясы Естай Исабеков қолдаухатты қанағаттандырып, оны 170 мың 742 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жазаға ауыстырды. Ұстазды туыстары мен мектеп оқушылары күтіп алды.
“Туыстарыммен, оқушыларыммен қауышқаныма қуаныштымын. Осы күнді ұзақ күттім”, – деп қысқа қайырды Юрий мырза.
Жіберіп алмаңыз:
15 жастағы оқушы 64 жастағы зейнеткерден бала туды
Қазақстанда қандай діни киімдерге тыйым салынбақ
"Су ішер алдында "Бисмиллах" деп айт": Алматыдағы Urbo Coffee діни насихат жүргізді деп айыпталды
Белгілі дінтанушы Әл-Фараби Болатжан қоғамдық орындарда діни насихат жүргізілуіне наразылық білдірді
Көлсайдағы аспалы жолды салатын компания туралы не белгілі
Жоба инвесторы – "Компания Строй Индустрия”