Түсіпбаева: Ұлттық арна мені мерекелік концертке шақырар ма екен, әлде сынағаным үшін жау болдым ба
Меруерт Түсіпбаева өзінің жаңа дуэт жазғанын айтты.
“Шаба екеуміз әдемі дуэт жаздық. Ұлттық арна бізді Наурыздың мерекелік концертіне шақыра ма? Әлде сын айтқаным үшін жау болдым ба?”, – деп жазады әнші парақшасында.
Айта кетейік, бүған дейін Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзова әлеуметтік желі арқылы айтысып,кейін телеарналарға сұхбат беріп, бір-біріне деген өкпе-назын айтты. Түсіпбаева Баянның тарихи фильм түсіруге деңгейі жетпейтініні айтып сынға алған еді. Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынап, сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап еткен болатын.
“Сен тимесең мен тимен деп отыра берсек бəріміз. Ұлттық арнадан Меруерт Түсіпбекованы жаңа əндерімен көргіміз келеді.Бір-бірінен аумайтын əншілер көбейіп кетті.Ұлттық арна жеке меншік емес шығар…Домбырамен айтатын əншілерді көбірек көрсету керек. Қазақтың баласын домбыраға жақын қылып, ұлттық өнерді көбірек насихаттап, қазақы тəрбиеге бағытталу керек емес пе?!.”.
“Шаба деген əдемі əнші қызымыз бар, даусы да, өзі де сүйкімді… Менің ең сүйікті əншім. Есімі де əдемі”.
“Сіздікі дұрыс. Жалғыз сіз емес көп адамдар мысалы қарсы болды Баян сұлу фильміне. Сіздікі əрдайым орынды болды”, – деп жазады әншінің желідегі жазылушылары.