Түсіпбаева: Сымбатты жас қыздарды көргенде өзімді жек көріп кетем

Аты даулы Меруерт Түсіпбаева  қашан да өз пікірін ашық айтуда алдына жан салмайды. Әнші біреудің көңілі мен көзқарасына қарамайтыны айтпаса да түсінікті. Бұл жолы Түсіпбаева бетін бояудан босатпайтын әріптестерін сынады, -деп жазды Stan.kz.

меру1

 

«Мен жасандылыққа қарсымын. Әрине, өнер адамы болғандықтан сахна талаптарына көнуге тура келеді. Егер боянбасақ, жарқ-жұрқ еткен жарық пен камера біздің сұлулығымызды жеп қояды. Сондықтан, үнемі кәсіби визажист мамандардың көмегіне жүгенеміз.

Ал, күнделікті өмірде мүлдем боянбаймын. Мені бояусыз көрген тыңдармандарым: «қандай кішкентайсыз?! Өте жас көрінесіз» деп тамсанып жатады. Алла тағала маған сұлулықты аямай берген. Көзім үлкен, қабағым ұзын. Кей әріптестерім секілді күндіз-түні боянып жүргім келмейді.

Ораза кезінде ауызашарға бес батпан бояу жағып келген өнер адамдарын көрген кезде мен таң қалдым. Өзім ораза кезінде мүлдем боянбадым. Студенттеріме де «жасандылықтан аулақ болыңдар» деп айтып отырамын. Қазір емтихан кезінде үлкен ұстаздарымыз кейбір қыздарға «ертең боянбай кел» деп қайтарып жібереді.

меру2

Себебі, кімнің сұлулығы қандай екенін шатастырып алатын заман болды ғой. Әрине, мен 45-тен асқан әйел болғандықтан, міндетті түрде косметологқа барамын. Арнайы процедуралар жасатамын. Бірақ, пластикалық операция дегенге үзілді-кесілді қарсымын»,-дейді әнші.

Түсіпбаева өзінің қазіргі келбеті мен сымбатына көңілі толмайтынын айтады. Себебі ол өзін семіз санайды. Ал арық болып жүру үшін күндіз-түні жеген тамағы мен қимыл-қозғалысын бақылауда ұстайды екен.

«Бұл маған қанмен келген сұлулық десем болады. Әкемнің қосы қарындасы бар. Жастары үлкен болса да,дене пішіндері балерина қыздардан кем емес. Мен де табиғатымнан арықпын. Бірақ, жас есейген сайын гормональды өзгерістер болады. Оны мойындау керек.

Қазір кішкене тола бастадым. Біреулер үшін арық көрінетін шығармын. Алайда, өз-өзіме көңілім толмайды. Сондықтан, міндетті түрде фитнес залға барып, жаттығу жасаймын. Көктемнен бастап үзбей келуге тырысып жүрмін. Ал, үнемі әдемі әрі арық көріну үшін менің жаттықтырушым бір ғана қағиданы айтады: «тамақ, тамақ, тамақ».

Ең бірінші ауызды тыю керек. Сосын көп қозғалыс керек. Мен де бұрынғыдай түнде келіп, тоңазытқышты ашып, кез-келген тамақты жеп, ұйықтап қалмаймын. Жейтін тамақтарымның құрамына, майлылығына ерекше мән беремін»,-дейді Түсіпбаева.

Әнші семіріп алып, жасына жетпей сұлулықпен қоштасқан келіншектерді түсінбейді. Меруерт үшін олардың бір ғана анықтамасы бар  ол «жалқау,ашқарақ» әйелдер.

«Мен тиянақтылық пен жауапкершілікті жақсы көремін. Әрине, ауыр-ауыр темірлерді көтеру, жүгіру, секіру оңай емес. Бірақ, өзімді қинап болса да жасаймын.

Себебі, жаттығу залына келген денесінде бір міні жоқ қыздарды көрген кезде өзімді жек көріп кетемін. Өзімді семіз сезінемін. Оның үстіне мен ақша төлеп барамын. Жаттықтырушы менімен жұмыс жасағаны үшін ақша алады. Яғни, екінші жақтың шарттары да, мақсаттары да бір.

Ол – нәтиже. Көп әйелдер жаттығу залына баруға ақша жоқ дейді. Ол өтірік сылтау. Ең арзан ақшамен де жаттығу залына баруға болады. Тіпті болмаса, өзінің үйінің айналасында жүгірсін.

Үйде түрлі жаттығулар жасасын. Егер адам қаласа, амалын табады.  Сондықтан, мен барша қыз-келіншектерге арық болыңыздар, үнемі өздеріңізбен жұмыс жасаңыздар және тәбетіңізге тыйым салыңыздар деп кеңес беремін»,-дейді  Меруерт Түсіпбаева.

Оқи отырыңыз:

Жорабаев келіншегі мен ұлын перзентханадан өзіне әпкесі сыйлаған көлікпен шығарып алды (фото, видео)

Еркемен бір ұшаққа отырған топ бүлдіршіндер «Қайда?» әнін айтып, елді шулатты (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр