Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түнгі студия екі айда үйленбеген Әділбек Ниязымбетовті мазақтады (видео)

“Түнгі студия” бағдарламасының әншілері өз уәдесінде тұрмаған Әділбек Ниязымбетовты әжуалады.

1471381335

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

2016 жылдың тамыз айында Әділбек Ниязымбетов шаңырақ көтермек ниетте екенін айтты. Спортшы тойдың екі айдан кейін болатынын да тілге тиек етті. Арада бес ай өтті. Алайда Ниязымбетов өз уәдесінде тұрмады. “Өкінішке қарай мен өз жаңалығыммен жанкүйерлерімнің ұнжырғасын түсіруім мүмкін. Бірақ шынымды айтайын, менің қалыңдығым бар. Бірер айдың ішінде үйлену тойы өтеді”, – дейді боксшы.

Спортшы жуырда “Түнгі студия” бағдарламасының қонағы болып қайтты. Аталған бағдарламаның жүргізушілері оған ән арнады. Өз уәдесінде тұрмағанын тілге тиек етіп әжуалады.

Көңілді көктем еткен жаңалық еді,
Халқыңа “жақында үйленем” деп уәде бердің.
Екі ай, күтеміз екі ай, ай-ай,
Уәдеңді орындасай, орындасай.

Бұл сауал желі қолданушыларын да мазалаған сыңайлы. “Той қашан?”, “Қойшы, жүре тұрсыншы”, “Қызы тастап кеткен шығар алтын алмағаны үшін”, “Бір арық қызбен жүретін еді ғой”, “Тек бақытты бол, қазағымның қайсар ұлы! Алтын алмаған кезде қосылып жылап едік. Құрама капитаны болғаны үшін қуаныштымын. Сәттілік”, “Жақсы жігітке жақсы жар әрқашан да табылады” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның сүйіктісі ерлер қауымына ренішін білдірді

Лана Алматыдағы концертте омырауының көрініп қалғаны туралы айтты

Асхат Садырбай: Хайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді

Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)

Талқылау