"Сұрақтарын бір жерлеріне тығып қойсын": тұрғындарға дөрекі жауап берген әкімнің басы дауға қалды
Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әкімдіктің Instagram парақшасында тікелей эфирге шықты. Эфир соңында шенеунік тұрғындардың сұрақтарына дөрекі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі.

видеодан кадр: tirazh.kz
Нұрмағамбетов соңғы алты айдағы жұмысы туралы есеп беріп болған соң тікелей эфир аяқталды деп шешсе керек, әрі қарай ол дөрекі сөйлей бастайды.
"Бұл сұрақтарды бір жерлеріне тығып қойсын...". Нақты қай жерге екенін жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз".
instagram: tirazh.kz
Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің бұл сөзіне шүйлігіп, қатты сынның астына алды. Шенеунікке қатысты қызметтік тергеу басталды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”