Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптасы күдікті болып тұр: Жетісу облысында мектеп оқушысы қаза тапты

жасөспірімдер төбелес
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында оқушы қаза тапты. Марқұмның қазасына күдікті ретінде оның сыныптасы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмған.

"Күдікті ұсталды. Ол заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Қаскелең қаласында Талғар ауданының тұрғыны 24 жастағы Жанасыл Сәрсенбайдың өліміне қатысты сот отырысы басталды.

Ислам Әден
Жұма, 09 Қазан, 2026 16:29