Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram-да қыз болып танысып, ер адамдарды ұрлаған: Астанада үш қазақстандық сотталды

оооооо
Фото: Pexels

Астанада 3 ер адам Telegram арқылы қыздың кейіпінде еркектермен танысып, кездесуге шақырып кейін оларды қаланың шетіне күштеп алып барып, ақша бопсалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қылмыскерлер алдау тәсілімен 2,2 млн теңге ақша көтерген. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, ал екіншісінің автокөлігін иемденіп алған.

“Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді”, – деді Астана қаласының прокуратурасы.

Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының Қаржылық мониторинг агенттігі "Bingo-37" және "Lotoboom" онлайн-плаформасына тосқауыл болды. Күдіктілер ұсталып, бас бостандығынан айырылды.

 

Ислам Әден
Жұма, 09 Қазан, 2026 15:09