Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Bingo-37" және "Lotoboom" ұйымдастырушылары WhatsApp арқылы дроперлерді тартқан

Алаяқ
Фото: magnific.com

Шымкент қаласының Қаржылық мониторинг агенттігі "Bingo-37" және "Lotoboom" онлайн-плаформасына тосқауыл болды. Күдіктілер ұсталып бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ҚМА тергеуінің нәтижесіне сүйенсек, қатысушыларға WhatsApp месенджері арқылы ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберіліп отырған. Өтініш білдірген адамға арнайы аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген. Сөйтіп қылмыскерлер 14 адамды өзіне тартып, оларды дропер еткен, яғни олардың атына ашылған банк шоттары пайдаланған.

Екі онлайн казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңге құраған.

“Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар”, – деді ҚМА.

Сот үкімі бойынша екі күдікті 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың жинаған мүліктері мемлекет құзырына берілді.

Еске сала кетейік, Астанада балаларды Испаниядағы футбол турниріне апарам деп сылтау еткен алаяққа сот үкім шығарды.

Ислам Әден
Жұма, 09 Қазан, 2026 10:07