Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады

Әншілер
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Бүгін, 10 тамыз – Абай күніне орай Шымкент қаласында ауқымды музыкалық шеру өтті. Шартарапты әуенге бөлеген бұл мәдени бастама аясында 100-ге жуық өнерпаз қаланың басты орындарында ұлы ақынның мәңгілік мұрасын паш етті.

Әншілер
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Жергілікті өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Хәкім Абайдың "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай", "Айттым сәлем Қаламқас" сынды әндерін әуелете шырқап көпшілікті тәнті етті.

Әншілер
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Өнерпаздар Әуежай, "Дала мол", Теміржол вокзалы, "Жапон" саябағы, "Плаза", "Сити мол" сауда орталықтарын аралап, әуезді әндерін қалықтатты.

Әншілер
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Жанды дауыстағы орындаулар қаланың әрбір бұрышын ұлттық өнердің рухына бөледі. Жас пен кәріні баурап алған музыкалық шеру ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың және ұлы Абайдың асыл сөзін дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 10 Тамыз, 2026 21:00