Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұлулық салонында жұмыс істеп, маникюр жасаумен айналысамын": Тәуекелдің қалыңдығы өзі жайлы айтып берді

Тәуекел Мүслімнің қалыңдығы қарапайым отбасыдан шыққан, соңғы үш жылда маникюр жасаумен ақша тауыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәуекелдің қалыңдығы өзі жайлы айтып берді

Cурет: Махаббаттың Instagram парақшасынан

Махаббат актердің көрермендеріне өзі жайлы айтып берді. 

"Медицинадағы оқуымнан бөлек, сұлулық салонында маникюр жасап, ақша табамын. Маникюрмен айналысқаныма 3 жылдай уақыт болды. Ал хоббиім туралы айтатын болсам, мектеп жасымнан бері модельдік ұйымдарға барамын", - деп жазды Махаббат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына. 

"Қарағанды аруында" екінші орынға ие болған ол шын мәнінде Қостанай қаласының тумасы болып шықты. Ал Қарағандыға Махаббат оқу үшін барыпты. 

"Мен ең тәтті "Баян-Сұлу" кәмпиттерін жасайтын және Тобыл өзені ағып өтетін қаладан боламын", - деп қосты бойжеткен. 

Махаббатың жасы 24-те екен. Ал келесі жылы ол университетті тәмәмдайды. 

"Қазір 7 курс студентімін. Алдағы уақытта резидентураға түсемін бе әлде адамдарды емдеуге көшемін бе соны ойланып жүрмін", - деп жазды Махаббат. 

Бұған дейін Тәуекел Мүслімнің жүрегін жаулаған ару туралы айтылған еді. 

Талқылау