Суши адам өміріне қауіпті болып шықты
Қазіргі уақытта суши тағамын сүйіп жейтіндер көп. Португалиялық асқазан-ішек ауруларын емдейтін дәрігерлер жапонның суши тағамының қауіпті екенін айтты.
Мамандардың айтуынша, суши паразиттік аурулардың таралуына себепші. Дәрігерлердің зерттеуі BMJ Case Reports журналында жарияланды.
32 жастағы науқас дене температурасының көтеріліп тұрғанын, асқазаны ауырып, жүрегі айнитынын айтып дәрігерге жүгінеді. Ол ауырар алдында суши жегенін де айтады. Дәрігерлердің тексерісінен кейін оның суши арқылы паразиттік дертке шалдыққаны белгілі болды. Паразиттер шикі және аз тұздалған теңіз жануарларынан тарайды. Яғни, сушиден асқазанға жұмыр құрттардың дернәсілі түседі.
Осылайша дәрігерлер науқастың асқазанынан дернәсіл тапты. Мамандар балықты дайындау кезінде дұрыс тазалап, дұрыс тұтынуға шақырады.
Тағы да оқыңыз:
Дәрігер: Жастар үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп аурудың жаңа түрлерін жұқтыруда
Өнертапқыштар Қытайда тұратын қазақ қызына есту құрылғысын сыйға тартқан