"Сүлейменова қателігінен сабақ алмады": Желі қолданушылары экология министрін сынға алды
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар экология министрі Зүлфия Сүлейменованың Павлодар облысындағы суы тартылған қызғылт көлге қатысты реакциясына наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін сейсенбі күні арнайы мамандар жөнелтіледі деп күтілуде", - деп жазды Сүлейменова.
Ал блогер, журналистер мен сарапшылар министрдің бұл жауабына ашулы.
Олар Сүлейменоваға әлеуметтік желіде: "Бұл тым кеш", - деп жауап берді.
Қолданушылар Сүлейменованың қателіктерінен сабақ алмайтынын атап өтіп. Жауапты министрлердің төтенше жағдай орнына дер кезінде шықпағанына мысал ретінде, Абай облысында болған өртті келтірді.
Айта кетейік, өткен аптада ғана Зүлфия Сүлейменова президент тарапынан сынға ұшыраған болатын.
Еске сала кетйік, бұған дейін Экология министрінің Павлодар маңындағы кеуіп қалған қызғылт көлге тексеріс жүргізілетінін мәлімдегені туралы жазған болатынбыз.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”