"Suleimen Promotions" компаниясы өз жұмысын тоқтатты
Қазақстандық боксшылардың ісін жүргізетін "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: suleimen_promotions_official instagram парақшасынан
Жыл басында белгілі кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлымен келісімшартын бұзған белгілі "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы өз жұмысын тоқтатты. 2018 жылдан бері Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жанабаев сынды кәсіпқой боксшылардың мансабын жүргізген "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясының 6 жылдық жорығы аяқталды. "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы 6 жылда елімізде бірнеше рет әлемдік деңгейдегі бокс кешін ұйымдастырған еді.
Айта кетейік, "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы соңғы жылдары Бек Нұрмағанбет, Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов сынды мықты боксшылармен бірге жұмыс істеген еді.
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр

