"TikTok-қа видео түсірмек болған": Шымкентте тоққа түскен қыз жайлы куәгерлер айтып берді
Шымкенттегі көпірден ток соққан қыздың бұлай жасауына біреу мәжбүрлеген болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Денесінің 91%-ы күйіп қалған. Көргендердің айтуынша оны бір-бір жарым сағат бойы тоқ соққан, бірақ нақты ешкім айта алмайды. Оның басын, мойнын, денесін, жоғарғы және төменгі сүйектерін күйік шалған. Былайша айтқанда бүкіл денесін тоқ ұрған. Өзі не болғанын білмейді. Жарақатты қалай алғанын да айтып бере алмайды”, – дейді Орынбаева атындағы Гипербариялық оттегі орталығының бас дәрігері Мадина Ермахамбетова.
Куәгерлердің айтуынша, олар найзағайға ұқсас бір жарқыл көрген. Одан соң бір дауыс естілген. Бірақ тоқтың күшінің қаттылығынан ешкім қызға жақындап, көмек қолын соза алмаған. Алайда оқиғаның тағы бір желісі бар: онда қыздың көпірге Tik-tok әлеуметтік желісіне видео түсіру үшін шыққан дейді.
Қала тұрғыны Мөлдір Жұмақұлованың айтуынша оқиға болған күні олар сол жерде болған.
"Бізге жерде бір адам жатқандай көрінді. Барлығымыз сол жақа жүгіріп, сонда тұрдық. Көк түтін мен күлімсі иістен шыдап тұру қиын болатын. Көрген балалар, тоққа түскен қыздың оқиға орнында телефонмен жүргенін айтады. Бұл жерде смартфонмен ойнап жүретін қыз балалар көп”, – дейді ол.
Бұған дейін Шымкентте жасөспірім қызды тоқ соғып, қатты күйік алғанын айтылған еді.