"Судьялардың сыйқы осы": Экс-вице-министр Әбішев азық-түлік алатын жағдайы жоқ екенін айтты
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке судьяның шешімі бойынша оған 20 миллион теңгеге шот жіберілген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Судья шешімі бойынша ол 20 миллион теңге төлеуі керек. Осыған байланысты ол тіпті отбасын асырай алмай жүргенін айтты.
"Біреуге казиноға ақша жетпейді, ал біреу үйіне азық-түлік сатып ала алмай жүр. Судья Ибрагим Әлкеновтың шешімі бойынша сот орындаушысы 20 миллион теңгеге төлем шотын берді. Сот орындаушысына қоңырау шалып, бұл менің жалақы картам екенін және отбасыдағы жалғыз табыс көзі екенін айттым. Орындаушы “бұл – Әлкеновтің тапсырмасы” деп жауап берді. Міне, біздегі судьялардың сыйқы осы", – деп жазды Әбішев Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, қазір ол азық-түлік сатып ала алмайды. Бұрынғы вице-министрді қасиетті Рамазан айында ауызашарға шақырған көршілері жарылқап жүр.
"АҚШ-та үндемей қалу сыпайылық емес, сенімсіздік": Bloomberg-те жұмыс істейтін қазақ қызы Америкадағы өмірі туралы
Дана Букенова қалай стартабын тастап, АҚШ-та мансабын жалғастырғанын айтып берді
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді