Су тасқыны салдарынан жабылған республикалық жолдар саны көбейді
"ҚазАвтоЖол" ҰК су тасқыны салдарынан жабылған республикалық маңызы бар автожолдар санының артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Қазавтожол
9 сәуір күнгі жағдай бойынша, күннің күрт жылуы мен қардың қарқынды еруіне байланысты төрт облыстағы (Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 3 730 метр болатын бөлігі жабылды.
"Алты облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) ұзындығы 731 шақырым болатын республикалық маңызы бар 15 тас жолдағы жол қозғалысына шектеу қойылды. Қазір республикалық жолдарға 475 бірлік техника мен 548 адам жұмылдырылды", – деп мәлімдеді "Қазавтожол".
Бір күн бұрын, Қазақстанның алты облысында 673 шақырым қашықтықта халықаралық және республикалық маңызы бар 13 жол жабылған еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған