Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның су тасқыны болып жатқан аймақтарында 377 сәби дүниеге келді – ДСМ

Қазақстанда су тасқыны орын алған өңірлерде 377 бала дүниеге келді. Төтенше жағдайлар жарияланған аймақтарда тағы 400-ден астам жүкті әйел бақылауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото pexels-тен

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиеваның айтуынша су тасқыны орын алған өңірлердегі жұртшылықтың денсаулық жағдайы бақылауда.

"ТЖ режимі қолданылатын барлық өңірлерде 421 жүкті әйел бақылауда. 86 әйел амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек алады. Осы уақытқа дейін мамандар 377 босануды қабылдады. Су тасқыны басталғаннан бері ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында дүниеге келген", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. 

Ол осы аптада республикалық ғылыми орталықтардың жоғары дәрежелі бейінді мамандарының, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарының су тасқыны аймақтарындағы тұрғындарға консультациялық көмек көрсету және медицина қызметкерлеріне әдіснамалық қолдау көрсету үшін өңірлерге сапарлары ұйымдастырылғанын атап өтті. 



Маңғыстау облысында дәрігерлер тобы стационарлық және амбулаториялық емделіп жатқан 270-тен астам пациентке кеңес берді. БҚО, Абай және Ұлытау облыстарында сарапшылар 20-дан астам медициналық ұйымға барып, 550-ден астам пациентке кеңес берді. 

Өңірлерде 680 медицина қызметкері, оның ішінде 140 дәрігер, сондай-ақ 67 психолог кезекшілікте болады екен. Су тасқыны аймақтарынан эвакуацияланғандардың ішінде 674 адам әртүрлі созылмалы ауруларға шалдыққан. Оларды медицина қызметкерлері бақылайды. Эвакуациялық пункттерде 4000-ға жуық бала бар. Оның ішінде 76 бала стационарлық көмек алып, 47-сі амбулаториялық ем алған. 

Талқылау