Су тасқыны: Ақмола облысындағы бір ауылдың тұрғындары екі апта бойы сусыз және тамақсыз қалды
Ақмола облысы Үшқарасу ауылының тұрғындары су, жарық және азық-түлік тапшылығынан қиын жағдайға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынды
Ауыл тұрғындары 2024 жылдың 3 сәуірінен бері жарық пен сусыз отыр.
"Олардың барлығы жарықсыз отыр. Қарт адамдар көп. 3 сәуірден бері жарық та, су да, нан да жоқ. Халық тіпті зейнетақы алып отырған жоқ. Жергілікті пошта бөлімшесіне хабарластық, бәрі иығын көтеріп, ешнәрсе білмейтіндерін айтады”, – дейді жергілікті халық.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны кезінде жол қозғалысының болмауына байланысты Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облысының құтқарушылары моторлы қайықпен Үшқарасу ауылына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдап жатқанын хабарлады.
"Бұл елді мекендегі су тасқынына қарсы жұмыс жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында", – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Еске салсақ, Қостанай облысының Заречный ауылында тұратын Әлім есімді азамат әлеуметтік желіде үйінің құрылысы жүріп жатқан кезде түсірілген видеоларын жариялады. Баспанасына бастан аяқ өз күшін салған отбасының жаңа шаңырағын әп-сәтте су басып қалды.