"Босқа кеткен қаражат пен еңбек": Қазақстандық су тасқыны кезінде өз қолымен салған үйінен айырылып қалды (видео)
Қостанай облысының Заречный ауылында тұратын Әлім есімді азамат әлеуметтік желіде үйінің құрылысы жүріп жатқан кезде түсірілген видеоларын жариялады. Баспанасына бастан аяқ өз күшін салған отбасының жаңа шаңырағын әп-сәтте су басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
"Салған еңбегім мен қаражаттың бәрі суға кеткені ме?" – деп жазды желіде видео авторы.
Оқырмандары оған қолдау білдіріп, бұл жағдайды да еңсеретініне сенім білдірді.
"Әр қиындықтың бір қайыры бар", "Біз сіздермен біргеміз, Алла қолдайды сіздерді", Өте өкінішті әрине. Үйлеріңізді қалай тұрғызып жатқандарыңыздың куәсі болдық, сіздермен бірге қуандық. Сіздерге сабыр берсін, жақсылықтан үміт үзбеңіздер", – деген пікірлер жазылды.
Олар сондай-ақ басқа да көп қазақстандықтың баспанасынан айырылғанын еске салды.
Бұған дейін Қостанай облысында 174 үйді су басып, 676 адам эвакуацияланғанын хабарлаған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті