Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Су кетіп, кафелі құлап жатыр": Ақтөбеде тұрғындарды апатты үйден дәл сондай сапасы нашар баспанаға көшірген

Ақтөбеде әкімдіктің апатты үйлердің орнына берген пәтерлері тұрғындарды шошытып отыр. Себебі үйдің сапасы көңіл көншітпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Есет батыр тұрғын алабындағы баспаналар тұруға жарамсыз, қауіпті деп танылған. Төрт қабатты екі үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған екен. Осыдан кейін оларға әкімдік басқа үй беретінін мәлімдеді. Ақпанның 1-і оларға кілт табысталды. Алайда әкімдік жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін, бәрі дайын тұрған үйді береміз деп уәде еткенімен, шын мәнінде олай болмай шықты.

Айтуларынша, жаңа пәтерлердің есіктері жабылмайды, розеткалары құлап, плинтустары бекітілмеген. Оның үстіне газ жоқ, ыстық судың орнына әрең дегенде жылы су ағады. Бірнеше күн бұрын көшіп келген тұрғын ванна бөлмелеріндегі құбырлардан су ағып жатқанын айтты.



“Міне, әжетхана, кафелі сынып жатыр. Сондай-ақ су кетті. Жаңа бір шелек су төктім”, – дейді ақтөбелік тұрғын.

Әкімдік барлық кемшілікті арнайы жұмыс тобы тіркеп, құрылыс салушы өз қаражатына жөндейтінін айтты. Компания жаңа тұрғындардың шағымдануы жөнсіз дейді. Олар құрылысы үш жылға созылған алдыңғы әзірлеушіден жақсырақпыз деп мәлімдейді.

“Қабырғалары қисық болғандықтан есік жабылмайды. Барлық кемшілікті компания есебінен жоямыз. Әкімдік бізге бір тиын да берген жоқ. Осылайша компания бұл соңғы жөндеуге 100 миллион жұмсады. Дегенмен жоба бойынша пәтерлер жартылай жөнделген түрінде берілуі керек еді. Маған күніне жүздеген қоңырау түседі. Мүмкін олар оны өздері бұзып, бізді кінәлі еткісі келетін шығар?!”, – деді учаске бригадирі Нұрдәулет Балмаханов.

Талқылау