Студенттердің шәкіртақысы екі есеге артады – Тоқаев
Республикалық қоғамдық штабта Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке кандидат ретінде сөз сөйлеп, білім беру мекемелеріне қатысты жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауда жеңіп шықса, білім беру ордаларына жағдай жасайтынын атап өтті.
"Колледждер, мектептер, балабақшалар дабыл түймелерімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Студенттердің шәкіртақысы екі есе артады. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Қазақстандық студенттер әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізе алады", – деді кандидат Тоқаев.
Оның айтуынша, әр оқушыға оқу материалдары қолжетімді карта беріледі, соның көмегімен төлем жасап, оқу ордасына кіре алады, есесіне ауыр сөмке арқаламайды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"