Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Спутник V" вакцинасын Қазақстанда өндіруге Қайрат Боранбаевтың қатысы бар ма

COVID-19 індетіне қарсы ресейлік вакцинаны Қазақстанда өндіруге Қайрат Боранбаевтың қанша? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Боранбаев

"Ресейлік "Спутник V" әлемде тіркелген алғашқы вакцина. Бұл вакцинаны қолдану екі елдің мемлекет басшылары деңгейінде талқыланды және келісілді. Біз "Спутник V" вакцинасын өндіретін ресейлік қорға, Қазақстанда өндіре алады деген фармацевтикалық ұйымдардың тізімі мен олардың қызметі туралы мәліметті ұсындық. Ресейлік қор бірнеше қазақстандық компанияның ішінде Қарағанды фармацевтика зауытын таңдады. Себебі ол Қазақстан бойынша биологиялық препараттарды әзірлейтін жалғыз ғана зауыт болып отыр- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында министрден Қарағанды фармацевтикалық зауыты қожайындарының бірі Қайрат Боранбаевпен кездесіп, келістіңіздер ме деп анықтады. 

"Қарағанды фарцацевтика зауыты келіссөздердің нәтижесінде өздеріне жауапкершілікті алды. Зауыт басшылығы кейбір қызметтерін тоқтата тұрып, бар күшін вакцина өндіруге жұмсауға дайын екенін жеткізді. Иә, біз Қарағанды зауытының құрылтайшысымен қатар басшыларымен де кездесіп  "Спутник V" вакцинасын өзімізде өндіру мәселесін жан-жақты талқыладық. Күніне бірнеше рет кездесіп, вакцинаны өндіру және оны жеткізу мәселесін қарастырдық", - деді ол. 

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның құдасы, Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Ақпан, 2021 16:46
Талқылау