Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек пен теннистегі жеңістер: Қазақстандық спортшылар 2023 жылы қандай жетістіктерге жетті

2023 жылы қазақстандық спортшылар бірқатар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан футболшылары алғаш рет Еуро іріктеуінде жоғары нәтиже көрсетсе, кәсіпқой аренада боксшыларымыз маңызды титулдарды иеленді. Сонымен қатар шахмат пен теннис, күресте де жеткен жетістіктер аз емес. Stan.kz қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жеңістерін назарларыңызға ұсынады. 

спорт

Елена Рыбакина 

Теннисші Елена Рыбакина 20 наурызда  WTA 1000 сериясын жеңіп алды. Индиан-Уэлссте өткен турнирдің финалында отандасымыз Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға қарсы ойын өткізді. Осылайша Рыбакина WTA 1000 сериясының турнирінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. 

елена рыбакина

Екі ай өткен соң Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен "Мастерс" сериясында жеңіске жетті. Рыбакинаның бұл жетістіктері спортшының әлемдік рейтингте бірден 4-орынға көтерілуіне жол ашты.  

Жәнібек Әлімханұлы

15 қазанда орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF белбеуінің иегері, германиялық Винченцо Гуальтеримен жұдырықтасды. Жекпе-жек АҚШ-тың Розенберг қаласында өтті. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 6-раундта Әлімханұлының жеңісімен аяқталды. 

Жәнібек Әлімханұлы

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO мен IBF чемпиондық белбеулеріне иелік етеді. 

Ризабек Айтмұхан 

2023 жылы спорттағы айтулы жаңалықтардың бірі Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы жеңісі болды. Балуан сенсация жасап, Сербияның Белград қаласында өтен біріншілікте алтын медаль жеңіп алды. Финалда әзірбайжандық Осман Нұрмағомедовпен белдескен ол 5:2 есебімен басым түсті. Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы. 

Футболдан Еуро іріктеуіндегі Қазақстан құрамасы 

Еуро-2024 ойындарының іріктеуінде Қазақстан футбол құрамасы Н тобында ойындар өткізді. Барлық 5 ойын қорытындысы бойынша Қазақстан топтық есепте 4-орын иеленді. 18 ұпай жинаған футболшыларда әлі де плэй-офф кезеңіне өту үшін мүмкіндік бар. Бұл үшін 22 наурызда Грекия құрамасын жеңуі қажет. 

футбол қазақстан

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Еуро іріктеу кезеңінде мұндай жақсы нәтиже көрсетпеген. Сонымен қатар жартылай қорғаушымыз Асхат Тағыбергеннің Данияға қарсы мачта салған голы іріктеу кезеңіндегі үздік гол атанды. 

Азиададағы спортшылар жетістігі

азиада

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азиада ойындарында Қазақстан намысын қорғаған спортшылар 80 медаль жеңіп, жалпы жүлде саны бойынша 5-орынға тұрақтады. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль бар. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қытай (383), Оңтүстік Корея (190) мен Жапония (188) алғашқы үш орынды иеленді. 



Бокстан әлем чемпионаты 

бокс

Ташкент қаласында өткен бокстан ерлер арасындағы ХХІІ әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшы алтын медаль жеңді. Алғашқы жарыс күнінде финалға жолдама алған Санжар Тәшкенбай Қазақстандағы ең жас әлем чемпионы атанды. Ал екінші жарыс күні Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай елге тағы 3 алтын сыйлады. Сонымен қатар Дулат Бекбауов 67 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. 

Футзалдан әлем чемпионатына іріктеу

футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде барлық ойында жеңіске жетті. А тобында 6 ойын өткізген ұлттық құрама 18 ұпай жинады. Осылайша іріктеу кезеңін ешбір жеңіліссіз аяқтаған жалғыз команда атанды. 

Шавкат Рахмонов

шавкат

17 желтоқсанда UFC файтері Шавкат Рахмонов Лас-Вегас қаласында кезекті жекпе-жегін өткізді. Сегізбұрышта Стивен Томпсонмен кездескен Рахмонов қарсыласын 2-раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Отандасымыз  UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Әзірге бұл промоушендегі үздік нәтиже. Сондай-ақ кезекті жеңісінен кейін Шавкат Рахмонов өз салмақ дәрежесіндегі рейтингте бірден 3-орынға көтерілді.

Магнус Карлсенді жеңген жас шахматшы

Қазақстандық 23 жастағы Әлішер Сүлеймен

алишерДохада өткен Qatar Masters Open турнирінде үздік шахматшы, бес дүркін әлем чемпионы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңді. Дегенмен жеңілістен кейін Карлсен пікір білдіріп, қазақстандық шахматшының сағатын көрген соң назарын жоғалтып алғанын айтып ақталды. Ал Қазақстан шахмат федерациясы жарыс кезінде механикалық сағатқа емес, электронды сағаттарға тыйым салынатынын тағы ескертті. Осылайша Әлішердің ешқандай алаяқтық жасамағанын мәлімдеді. 

Талқылау