Спортшыларымыз стенд атудан Азия кубогінде 5 алтын медаль жеңіп алды
Стенд атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінде 5 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Стенд атудың "Скит" бағдарламасы бойынша Қазақстан құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Әсем Орынбай топ жарса, ерлер арасында Эдуард Ещенко көш бастады. Аралас жұптық сында Орынбай мен Ещенко финалда катарлықтарды жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды салды.Сондай-ақ Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Адель Садақбаева үштігі әйелдер арасындағы командалық сында қарсылас шақ келтірмеді. Одан бөлек, ерлер арасында Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Илья Пенков бірінші орын иеленді.
Ал Максим Почивалов, Артем Седельников және Владислав Заводиленко жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста алтыннан алқа тақты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

