Спортшыларымыз құзға өрмелеу мен брейкингтен лицензиялық турнирге қатысады
Қазақстан құрамасы брейкинг пен құзға өрмелеуден Шанхайда өтетін әлемдік лицензиялық жарысқа қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

16-19 мамыр аралығында Қытайдың Шанхай қаласында брейкинг пен құзға өрмелеуден олимпиада жолдамасын сарапқа салатын әлемдік лицензиялық турнир өтеді. Жарысқа брейкингтен Ұлттық құрама көшбасшысы Амир Закиров қатысса, құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин, Әмір Маймуратов пен Тамара Олжабаева бақтарын сынап, Париж олимпиадасының жолдамасына таласады. Спорттың бұл түрінде лицензия спортшының жеке өзіне беріледі.
Айта кетейік, әр ел Париждегі олимпиада ойындарына 2 ер, 2 әйел апара алады. Қазір тек 13 мемлекеттің спортшылары жолдамаға қол жеткізген. Шанхайда жолдама ала алмаған спортшылар бір айдан соң Мажарстан астанасында соңғы рет бақ сынайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

