Спортшылардың тамағына бөлінген қаражатты ұрлаған: "Жетісу" футбол клубының директоры сотталды
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөнсебаевқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ФК "Жетісу"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, директор оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде футболшылардың тамағына бөлінген 31,9 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Дөнсебаевтың залалды толық өтеуі мен ауыр сырқаттың болуы ескерілді. Сонымен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салу мен 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?