Спорт саласына бөлінген 270 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырылған
Қаржылық мониторинг агенттігі бұқаралық спортты дамытуға бөлінген қаржыны жымқыру бойынша 21 істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік атап өткендей, 2023 жылдың тек 6 айының өзінде дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаражатын жымқыру бойынша 21 іс тергеліп жатыр. Жалпы шығын көлемі – 269,3 миллион теңге.
Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.
Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған