Сотталған “Қазатомпромның” экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің анасы өмірден озды
Жәкішевтер отбасы қара жамылды. Түрмеде жазасын өтеп жатқан Қазатомпромның экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің анасы ұзақ ауырып, қайтыс болды.

Ұлы анасын соңғы сапарға шығарып сала алмады. Бұған дейін сотталушының адвокаты ауырып жатқан анасымен жолығуға мүмкін сұрап басшылыққа хат жазған. Алайда рұқсат берілген жоқ, деп хабарлайды 31 арна.
Мұхтар Еркінұлының анасы Раиса Нұрғалиқызы 80 жақа келіп көз жұмды. Көзі тірісінде елбасына бірнеше рет хат жазып, ұлына рақымшылық жасауды сұраған еді.
Ал, тамыз айында қылмыстық атқару комитеті Мұхтар Жәкішевтің де сырқат екенін мәлімдеді. Адвокатының айтуынша, ол өздігінен жүріп-тұра да алмайды.
Айта кетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ұсталып, 2010 жылы сыбайлас жемқорлыққа қылмысы үшін 14 жылға бас бостандығынанайырылған еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады