"Соңғы үлгідегі телефон, алтын сыйлады": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықтың бетін ашты
Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі жайлы шындықтың бетін ашты. Әнші қазіргі уақыттағы бақыты мен сүйіктісі жасаған сыйлықтар, материалдық дүниелерге деген көзқарасы жайлы Алматы арнасының Paparazzi бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
Жақында 50 жасқа толған әнші өмірлік құндылықтарының өзгергенін айтады. Бүгінде Түсіпбаеваға ақша, байлық, дүние қызық емес.
"Әдемі телефон, бриллиант... 50-ге келгенде адамға ештеңе керек емес. Балам “Range Rover ал” дейді. Мен одан да сол ақшаны үнемдеп, сені оқытайын дедім. Иә, міне аламын. Бірақ ол маған керек емес", – дейді Түсіпбаева.
Бірінші некесі сәтсіз аяқталған әнші бір кездері елдің сөзіне қалғанын таңғалып еске алады.
"Ойға қонымсыз, осы баланы туған жоқ қой, асырап алды деген сөздер болды. Неге адамдар солай айтты екен деп қатты ойланып қалдым, таңғалдым", – дейді Меруерт.
Әнші осы сұхбатында жеке өміріне қатысты біраз құпияның шетін ашты.
"Құдайға шүкір, өмірімде сүйікті адамым бар. Ол телефонның ең соңғы нұсқасын сыйлады. Оны әлі ашқан да жоқпын, қызықпаймын. Алтын сыйлады. Қонақ шақырып, біраз шығындалдым. Соған өзінің демеуін жасады.
Қазіргі уақытта мен ештеңеге қызықпаймын. Маған автокөлік сыйласа да, қызық емес. Қазір сондай сәттемін, материалдық заттар қызық емес", – деп ағынан жарылды елуді еңсерген әнші.
Бұл ретте өнер иесі отбасылық өмірде сәтсіздікке ұшыраған әншілерге сын айтатын халыққа өз үндеуін жолдады.
"Біздің әріптестерімізге халық "күйеуге шыққыш екенсің" деп тиіседі ғой. Бірақ әр әйел бақытты болуға лайықты. Ол әнші ма, биші ма, күйші ма, ол қарапайым адам ба? Әр әйел бақытты болғысы келеді. Ешқандай әбестік көрмеймін. 5 рет шықса да, бақытты болса болды емес пе?", – деді ол.