Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Кореяда карантинді бұзған ер адамды көпшілік алдында өлім жазасына кесті

Солтүстік Корея билігі карантинді бұзушыны көпшілік алдында өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инсайдерлердің айтуынша, 50 жастағы ер адамды 28 қарашада атып өлтірген. Ол 2020 жылға дейін жабық тұрған шекара арқылы қытайлық бизнес серіктестерімен контрабанда жасады деп айыпталды.

«Қараша айының соңынан бастап Орталық комитет карантиндік шараларды ультра жоғары деңгейдегі төтенше карантиндік шараларға күшейтті. Олар шекара маңындағы аймақтағы жергілікті тұрғындарды үркіту үшін көпшілік алдында өлім жазасын ұйымдастырды», - деді Солтүстік Пхеньян провинциясының тұрғыны.

Солтүстік Корея ресми түрде ешқандай COVID-19 ауруы болмағанын мәлімдейді. Алайда контрабандистер бұл вирусты алып жүруі мүмкін деп қорыққан Солтүстік Корея билігі шектеулерді қолдану үшін Қытаймен шекарада әскери күштерін күшейтті.

Оңтүстік Кореялық NIS агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Пхеньянды оқшаулауға және вирустың таралуын болдырмау үшін теңізде балық аулауға тыйым салуға бұйрық берген.

Бұған дейін Солтүстік Корея билігі пандемия уақытында экономикалық қиындықтар кезінде екі шенеунікті өлім жазасына кескен еді.

Талқылау