Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея су асты ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді

Солтүстік Корея Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның бірлескен әскери жаттығуларына наразылық белгісі ретінде су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KCNA басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

КХДР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазіргі оқу-жаттығулар аймақтағы жағдайдың одан әрі тұрақсыздануына әкеліп соқты. Сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қатер төніп тұр.



"Осыған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс академиясының Су асты қару-жарақ жүйелері институты Кореяның Шығыс теңізінің акваториясында әзірленіп жатқан "Хэиль-5-23" су астындағы ядролық қару жүйесін маңызды сынақтан өткізді.

Біздің әскеріміз АҚШ әскери-теңіз күштері мен оның одақтастарының дұшпандық әрекеттерін тоқтату мақсатында теңіз үстінен және астынан қарсы жауап беріп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Кореяда екі бозбала Оңтүстік Кореяның танымал дорамасын көргені үшін 12 жылға ауыр жұмысқа тартылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау