Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея Корей түбегінің "ядролық соғыстың табалдырығында тұрғанын" мәлімдеді

Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Сеул мен Вашингтонды "ядролық соғыс қауіпін" ушықтырды деп айыптады. Сондай-ақ мемлекеттің өз қорғанысын жетілдіре түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі Ренхап басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

соғыс корея

Америкалық зерттеулер институты түбектегі жағдайды "1950-1953 жылдары болған Корей соғысы алдындағы түнмен" салыстырды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея мен АҚШ-ты "жалған әскери антикоммунистік текетірес" ұйымдастырды деп айыптап отыр. 

"АҚШ-тың әскери іс-қимылы Корей түбегі мен Солтүстік Шығыс Азиядағы текетіреске алып келді. Салдарынан тұрақсыз жағдай қалыптасып, ядролық соғыстың табалдырығында тұр", – делінген есепте. 

Сонымен қатар басылым мәліметінше түбектегі соғыстың арты аз уақытта "әлемдік және термоядролық соғысқа" айналып кетуі мүмкін. Ал салдары адамзат үшін ауыр болады. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 08:47