Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерін көлік қағып өлтірді

Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында Челябинск–Новосибирск тас жолында болған. Полиция қызметкері қатты соққы салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ДСМ

Көлік жүргізушісі тәртіп сақшысын қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкерінің қызметте болмағаны анықталды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады.



“28 cәуір күні республикалық маңызы бар Челябинск – Новосибриск тас жолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір көлік жүргізушісін анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыға қыдырып келген жігітті бұзақылар соғып, артынша көлік қағып кеткені туралы жазған едік.

Талқылау