Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда полиция бөлмішесінің аумағынан ер адамның асылған мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданындағы полиция учаскесі аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qaz-media.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиғаның видеосы желіде тарады. Мұнда видео авторы “біздің ержүрек полицейлер осылай қызмет етеді. Түн ортасында мәйіт бөлмішенің торында ілініп тұрса да, ешкім ештеңе білмейді”,- делінген.

Бұл деректі Ішкі істер департаменті растады. Алайда дене полиция бөлмішесінің қорғалмайтын алыста орналасқан бөлімінен табылған.

"27 маусымда таңғы сағат 7 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне облыс орталығында 56 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бейнебақылау камераларына түскен мәліметке қарағанда, ер адам аудандық ішкі істер бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай жүрген. Ғимарат аумағына өзі барған. Кейін оның денесі табылды. №2 әкімшілік ғимараттың аумағы күзетілмейді және бас полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 28 Маусым, 2023 18:12