Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында тұтқын колониядан қашып кетті

Полиция Солтүстік Қазақстан облысында қауіпсіздігі ең төмен колониядан қашып кеткен сотталушыға іздеу салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек,  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы колониядан 38 жастағы ер қашып кеткен. Ресми деректерге сәйкес, ол ұрлық жасап, көлік ұрлағаны үшін үш рет сотталған. Сондай-ақ ол екінші рет жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген.

Үшінші рет – 2022 жылдың маусым айында трактордың шөп шапқышын, сонымен қатар ауыл тұрғындарының түрлі металл бұйымдары мен жүк көлігін ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталған. Сотталушы өзінің бұл әрекетін ақшаның жоқтығынан және мас болғандықтан бардым деп ақталды. Ол биыл 8 сәуірге дейін жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, кейін ең төменгі режимдегі колонияға ауыстырылған еді.

“Сотталушы жұмыстан кейін қоныс колониясына қайтып оралмаған. Оны іздеу жұмыстарына мекеме мен Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды”, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі.



Сондай-ақ департаменттегілер ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар колониядан тыс жерде жұмыс істеп, жұмыс уақыты біткенде қайтып келетінін атап өтті.

Ер адам қайтар жолда көрсетілген маршруттан ауытқып, қашып кеткен. Ол заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. 

Бұған дейін Қарағанды облысында тұтқынның колониядан қашып кеткені туралы жазған едік.

Талқылау