Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөкпеңіздерші": Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетті

Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева күйеуінің мереке қарсаңында жасаған сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Өнер иесінің айтуынша, үнемі жанына әндерінің музыкасы жазылып тұратын планшет алып жүруді дағдыға айналдырған. 

“Менің музыкаларым жазылып тұратын, концерт пен тойларға алып жүретін мини планшетімді Әлішер алмастырып жатыр. 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай сыйлығы деп қабылдадым. Жыл сайын техникаларымызды жаңартып отырады. Өзінің де әдетіне айналып кеткен. Қатты сөңпеңіздерші! “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дегендей жақсы адамның бергенін көрсеткім келеді. Одан кейін құлаққап та сыйлады. Бұрын-соңды құлапқапқа әуес емес едім. Бірақ сыйлағасын, оны да алдым”, – деп ақталды өнер иесі. 


Айта кетейік, әнші үнемі жолдасының берген сыйлықтарын көрсетіп, оқырмандарына бөлісіп отырады. Жақында соңғы үлгідегі телефон сыйлағанын айтқан еді. 

“Осы жерде Әлішердің маған және отбасы мүшелеріне не сыйлайтынын айтып берейін: Жолдан, гастрольден келе жатсам, 9 тал раушан гүлімен күтіп алу, егер жанымда адам болса оған да үш тал раушан гүлі. Туған күнге телефон сыйлауды әдетке айналдырып алды. Жылына екі рет бриллиант, қыздарға телефон, планшет, макбук, өзінің ата-анасына қымбат техникалар, менің ата-анамның телефонын жаңарту осы кісінің мойнында. Тіпті немере-жиен, бауырларына да соңғы үлгідегі телефон, құлаққап сыйлап жатады”, – деген еді эстрада жұлдызы. 

  Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Еске салайық, әнші бесінші қызының алғашқы жөргекпұлына медреседегі қари балаларға ауызашар бергенін жазған едік.  

Талқылау