Соғыс басталғалы бері Украинада 15 мың адам жоғалып кеткен
Жоғалған адамдар жөніндегі халықаралық комиссияның директоры Мэтью Холлидей соғыс басталғалы бері Украинада 15 мыңнан аса адам хабар-ошарсыз кеткен дейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
dw.com
Оған сенсек, Украинада 15 мыңнан әлдеқайда көп адам жоғалған болуы мүмкін. Себебі бір Мариупольдің өзінде оккупация кезінде 25 мың адам көз жұмған немесе іс-түссіз кеткен. Бұл – Украина билігінің ақпараты.
Холлидей жоғалғандарды табу процесі жылдар бойы, тіпті соғыс аяқталса да жүруі мүмкін дейді. Оның сөзінше, жоғалып кеткендердің нешеуі күштеп әкетілгені, нешеуі Ресейде тұтқында отырғаны немесе көз жұмғаны белгісіз.
“Іс-түссіз кеткендер мен қаза тапқандардың көбі соғыстағы қылмыстың құрбандары, сондықтан кінәлілер жазаға тартылуға тиіс”, – дейді ол.
Жоғалған адамдар жөніндегі халықаралық комиссия 1990-жылдары Балқан соғысынан кейін құрылды. Штаб пәтері Гаагада орналасқан. Биылғы шілдеде ұйымның филиалы Киевте ашты.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады