Скриптонит коронавирус жұқтырды
Скриптонит деген атпен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов коронавирус инфекциясымен ауырып қалды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

“Коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтырғаныма байланысты 36 Summer Jam 27 маусымға ауыстырылды. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және сіздер түсінесіздер деп үміттенемін”, – деді рэпер.
“Сатып алынған билеттер жаңа күнге жарамды. Біз міндетті түрде Gazgolder-де 36 Summer Jam-да көрісеміз! Жаңалықтарды қадағалаңыз. Барлығына көп рақмет", – деп жазды Скриптонит Instagram-да.
Жанкүйерлер әншіге тезірек сауығып, қалпына келуін тіледі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"